14 Декабрь
22:44
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Экономика
3 наурыз 11:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ Ресейге қарсы санкция мерзімін ұзартты


Вашингтонда Ресейге қарсы санкция мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды LS. 

АҚШ Президенті Барак Обаманың қаулысына сәйкес, Ресей саясаты әлі де «ұлттық қауіпсіздік қызығушылығына және Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясат мүдделеріне ерекше және төтенше қауіп» төндіреді. Сондықтан санкцияға байланысты төтенше жағдайлар тәртібі тағы да бір жылға ұзартылды.

Айта кетейік, Барак Обама 2014 жылдың наурыз айында Ресейге қарсы санкция енгізген болатын. Шектеулер Украинаға және осы мемлекетегі бизнесмендерге қатысты шешім қабылдауға қатысқан шенеуніктерге, яғни Ресей Президенті Владимир Путинге жақындығы бар адамдарға байланысты енгізілген. Сондай-ақ, шектеулер Ресей, Қырым компанияларына , өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск Халық Республикасына, Украина экс-Президенті Виктор Януковичтың кезінде үкіметте отырған қызметкерлерге салынды.

Санкция тізіміне ілінгендер арасында «Роснефти» Президенті Игорь Сечин, бизнесмендер Геннадий Тимченко, Аркадий мен Борис Ротенберги, «Ростехтың» бас директоры Сергей Чемезов,  «Россия» банкінің иесі Юрий Ковальчук және Ресей темір жолының экс-басшысы Владимир Якунин бар.

Дереккөзі: 7kun.kz
нравится:    834
Теги: Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии