|    |  
19 қаңтар 2019
01:13
қаз
АҚШ Солтүстік Кореямен бейбіт келісімнен бас тартты
21 қазан 2015, 12:34 812
 

АҚШ КХДР арада бейбіт келісімшарт дайындаудан бас тартты. Бұл туралы АҚШ-тың Солтүстік Корея бойынша арнайы өкілі Сон Ким Конгресс Сенатының Сыртқы істер комитетіндегі тыңдау кезінде мәлімдеген. Бұл туралы Lenta.Ru. хабарлайды.

Америкалық дипломат Пхеньянның бейбіт келісім жасау ұсынысынан «жеңілдіктер алу жолындағы кезекті ойын» белгісін байқаған. АҚШ өкілдері Солтүстік Корея жалған әрекеттерге барғаннан гөрі ядролық мәселе зымырандар түйіткілі мен адам құқықтарын жақсарту бойынша оң қадамдар жасауы керек деп есептейді.
АҚШ коммунистік елге қарсы біржақты санкцияларды әрі қарай күшейейтуді көздеп отыр,- деді Сон Ким.
Айта кетейік, Корея Халықтық Демократиялық Республикасы 2 қазанда АҚШ-пен арада толыққанды бейбіт келісімге қол қою туралы ұсынысын БҰҰ-ның 70-сессиясының мінберінен айтқан болатын.


Жаңалықтар