21 Сентябрь
21:41
Астана: 18 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
21 тамыз 17:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ-та 15 жасар бала президент сайлауына түспекші

АҚШ-та президент сайлауы алдындағы науқанға өзгеше кандидат – Айова штатындағы Валлингфорд қалашығының 15 жасар тұрғыны Брэди Олсон да қосылуға тілек білдірді.
 
Бұл туралы «Дни.ru» хабарлады деп жазады ras.kz.
Брэди осылайша Дональд Трамп пен Хилари Клинтонның бәскелесі болуға ниетті екенін көрсетті. Ол енді сайлауда өз кандидатурасын қолдайтын партия іздемекші екенін де жеткізді.
Осы күндерде Солтүстік Каролина штатында жүргізілген сауалнамаға жауап берушілердің әрбір оныншысы егер Трамп пен Клинтонның арасында кімді таңдау керектігі туралы сұрақ қойылса, өзінің ойланбастан Диз Натс деген біреуге дауыс беретінін мәлім етіпті.
Алайда, Айовадағы 197 тұрғыны бар Валлингфорд деген елді мекендегілер мұндай адам туралы ештеңе естімеген екен. Сөйтсе, бұл лақап аттың артында 15 жасар Брэди Олсон тұрған болып шықты.
Дегенмен, шынтуайтына келгенде, бұл баланың сайлауда жеңіске жетуіне ешқандай да мүмкіндігі жоқ. Себебі, АҚШ-та президент сайлауына түсетін үміткердің жасы 35-тен төмен болмауы керек.

Дереккөзі:nur.kz
нравится:    779
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии