|    |  
18 қыркүйек 2019
16:12
қаз
АҚШ-та 40 жылдан бері алғаш рет мұнайды экспорттауға келісімшарт жасалды
25 желтоқсан 2015, 09:45 24
""



Қаңтардың алғашқы аптасында Техастағы Хьюстон терминалында өндірілген 600 мың баррель мұнай американдық Enterprise Products компаниясына жіберіледі. Бұл АҚШ-тағы мұнай экспортына салынған тыйым алынғаннан кейінгі алғашқы келісім шарт болды деп жазады РБК.

«Біз АҚШ-тан мұнайды экспорттау туралы алғашқы келісім -шартымыз туралы хабарлауға қуаныштымыз. Біздің дерек бойынша, бұл шамамен 40 жылдағы Мексика шығанағынан алынған американдық мұнайдың бірінші экспорттық жөнелтілуі»,- деді Enterprise Products компаниясының бас операциялық директоры Джим Тиг.

Enterprise компаниясы мұнай эскпортына салынған тыйымның күшін жоюы АҚШ экономикасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады деп санайды.


Жаңалықтар