21 Сентябрь
00:21
Астана: 18 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Туризм
16 мамыр 12:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ-та Air Astana әуекомпаниясының жаңа туристік бағдарламасы таныстырылды


Вашингтонда қазақстандық Air Astana әуекомпаниясының жаңа туристік бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлайды 24.kz.
Шараға АҚШ Мемлекеттік департаментінің, Сауда министрлігі мен Конгресінің өкілдері қатысқан. Air Astana компаниясының АҚШ пен Канададағы аймақтық өкілі Майкл Уайтхед компания қызметінің басты бағыттарын жиналғандардың назарына ұсынды.
Қатысушылар еліміздегі визалық және логистикалық артықшылықтарға, сондай-ақ туристік әлеуетке қызығушылық танытқан. Air Astana - EXPO-2017 көрмесінің ресми әуе тасымалдаушысы. Ол Skytrax агенттігінің нұсқасы бойынша Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік әуекомпаниясы мәртебесін 4 рет иеленді. Бұдан басқа Air Astana, Air Transport World басылымының бағалауынша, 2015 жылдың авиация нарығындағы көшбасшы атанған.
«Қазақстан - тамаша ел. Сіздерде таулар, таңғажайып орындар, шатқалдар, бай тарих пен теңдессіз қазақ тағамдары бар. Бұл - табысты туризмнің басты көріністері», - дейді АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің бірінші орынбасары Курт Тонг.
 
нравится:    618
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии