|    |  
13 қараша 2018
13:59
қз
​АҚШ-та екі қыз өз анасының қолынан мерт болды
27 маусым, 10:04 1120

Техас штатында қандықол әйел екі қызын атып өлтірді. 42 жастағы Кристи Шитстің үйінде басталған ұрыс-керіс көшеде жалғасқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер қолына тапанша ұстаған әйелді атып өлтірді. Туған шешесінің қолынан қаза тапқан қыздардың бірі – 22-де, екіншісі – 17-де. Мұндай тосын жағдай АҚШ-та жиі болып тұрады. Соңғы деректерге қарағанда, күніне 4 адам оққа ұшып, қаза табады. Қару саудасына қатысты заңды қатаңдатуды бұған дейін Президент Барак Обама бірнеше рет көтерген. Бірақ республикалықтар басқаратын Конгресс оны мақұлдаудан бас тартты. Айтуларынша, қару ұстауға тыйым салу АҚШ азаматының конституциялық құқығына қол сұғу болып саналады. 


24.kz
Жаңалықтар