Әлем жаңалықтары
27 тамыз 09:14
АҚШ-та екі журналисті тікелей эфирде атып кетті
АҚШ-тың Вирджиния штатында тікелей хабар таратып тұрған жерінде WDBJ7 телеарнасының екі журналисін атып кетті.



Reuters агенттігінің хабарлауынша, телеарна журналисі Элисон Паркер мен оператор Адам Уордты 26 тамыз күні таңертең Берфорд округінде тікелей хабар таратып тұрған жерінде атып өлтіріп кеткен.




BBC-дің ақпаратына қарағанда, журналистерді сауда орталығында сұхбат алып тұрған жерінде атқан. Сұхбат беріп тұрған адам аман қалған.

Дереккөзі: Азаттық

Комментарии




Яндекс.Метрика