23 Август
19:46
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
5 шілде 10:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​АҚШ-та хот-дог жеуден жаңа рекорд орнатылды
АҚШ-тың тәуелсіздік күнінде жыл сайын хот-дог жеуден өтетін Nathan's Hot Dog Eating Contest ұйымдастырылып, онда 33 жастағы америкалық хот-дог жеуден оныншы мәрте чемпион атанды.


 
Джоуи Честнат 10 минутта 72 хот-дог жеген. Бұл жеңісі үшін оған 10 мың доллар берілді.
 
Екінші орынды 62 хот-дог жеген 26 жастағы Кармен Чинкотти еншілесе, үшінші орынды 48 хот-дог жеген Мэтту Стоуни алған.
 
Джоуи Честнат хот-дог жеуден ғана танымал емес, ол сондай-ақ балмұздақ пен чили бұрышын жеуден өтетін сайыстарға қатысады.
 
Хот-дог чемпионаты тек ерлер арасында ғана емес, әйелдер арасында да ұйымдастырылады. Биылғы сайыста Лас-Вегас тұрғыны Мики Судо 41 хот-дог жеп, жеңімпаз атанған. Ол 2012 жылы 45 хот-дог жеп, рекорд орнатқан болатын.
 
Дереккөз: life.ru
нравится:    57
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии