17 Декабрь
12:09
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
11 желтоқсан 10:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ-та көкек ана сәбиін тірідей көміп тастаған
09-12-15-novorojdennyi-1

Американың Лос-Анджелес штатындағы Комптон қаласының құқық қорғаушылары жаңа туған шаранасын тірідей көміп кеткен ананы тұтқындады. Бұл туралы AmericaRU.com хабарлады.

Лос-Анджелес округі шерифі департаментінің өкілінің мәліметінше, сол күні әлдекім полиция учаскесіне телефон арқылы хабарласып, өзен жағасында жылаған кішкентай баланың даусы естілетінін жеткізеді. Осыдан кейін екі тәртіп сақшысы айтылған жерге барады.

«Мен әке ретінде жылаған баланың даусынан көмек сұраған немесе ашыққан жанның үнін таныдым. Оның даусынан аянышты үн білінді», – деді полицей Адам Коллетт. Ол өзінің серігі Дэвид Перримен бірге асфальт сынықтарын ысырып, астынан шарананы алып шығады. Шамамен 30 сантиметрдей тереңдікте жатқан нәресте ауа барып тұрғандықтан тірі қалған. Ол туғанына небәрі 3-4 күн ғана болған қыз бала болып шықты. Денесі жамылғымен оралған шарананының денесі, бірақ, кәдімгідей суып қалыпты.

Жаңа туған қыздың шаштары қап-қара екен, түріне қарағанда, оның латынамерикалық немесе афроамерикалық нәсілден екенін байқауға болады. Ал кешегі жексенбі күні шерифтің орынбасары шарананы тастап кеткен көкек-ананың табылып, қамауға алынғанын баяндады. Бірақ ол туралы әлдеқандай қосымша мәлімет беруден бас тартты.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1408
Теги: Қоғам, Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии