|    |  
21 наурыз 2019
08:49
қаз
АҚШ-та қолтырауын екі жасар баланы өзенге сүйреп әкетті
15 маусым 2016, 16:27 4


Орландодағы Disney’s Grand Floridian Resort & Spa шипажайына таяу жердегі Walt Disney World саябағында қолтырауын екі жасар баланы өзенге дейін сүйреп әкеткен. Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Оқиға сейсенбі, 14 маусым күні сағат 21.30 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша балаға шабуыл жасаған қолтырауынның ұзындығы екі метрдей болған.

Қазіргі таңда баланы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Іздеу жұмыстарына сүңгуір техника мен тікұшақ жұмылдырылған.

Walt Disney World Resort көңіл-көтеру саябағы 1971 жылы құрылған. Кешеннің аумағы 100 шаршы метр. Ол жерде қонақүй, аквапарк, дүкендер, мейрамханалар мен кафелер орналасқан.
 


Жаңалықтар