Әлем жаңалықтары
11 қыркүйек 14:02
АҚШ-та лаңкестік жасамақ болған жігіт ұсталды


АҚШ-та жарылыс ұйымдастырмақ болған 20 жастағы флоридалық Джош Голбдерг қолға түсті деп жазады Washington Post газеті.
ФБР агенттері лаңкесті ғаламтордағы хаттары арқылы ұстаған. Голбдерг өз хаттарында жарылғыш затты қалай қолдан жасауға болатынын тәптіштеп жазған.
Ол шеге мен егеуқұйрық уының қайнатпасынан бомба әзірлеп, 11 қыркүйектегі лаңкестік актінің құрбандарын еске алуға арналған жиында іске қосуды жоспарлаған.
Голдберг ИСИМ содырларының жасап жатқан әрекеттерін үлгі тұтып, олардың «ерліктерін» қайталауды көптен бері ойлап жүріпті. Егер жасөспірімнің кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кету керек, 11 қыркүйектегі лаңкестік актінің құрбандарын еске алу жиыны АҚШ-тың барлық ірі қалаларында ұйымдастырылады.

Комментарии




Яндекс.Метрика