|    |  
14 қараша 2018
11:49
қаз
АҚШ-та пиццадан жасалған қораптағы пицца сатылуда
03 мамыр, 10:36 832
Бруклиндегі Vinnie's пиццериясына келушілер күтпеген жерден пиццаның жаңа түрінен дәм татты. Сөйтсе, мұнда сыртқы қорабы пицца үшін ысылған қамырдан жасалған пицца сатыла бастаған, деп хабарлайды ABC News.



Жалпы бұл идея пиццерия иелерінің ойына келген. Себебі мұнда пісірілген әрбір пицца үшін қағаз қорап жұмсалып, оның соңы тау-тау қоқысқа ұласады екен. Осыған байланысты олар қалдықсыз өндіріс идеясын белсенді түрде іске асыруға кіріскен. Ал егер келуші мұндай пиццаны өзімен алып кетуді ұйғарса, тағам фольгаға оралып беріледі.

Дереккөзі: 24.kz
 
Жаңалықтар