14 Декабрь
04:36
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
23 шілде 16:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ-та селфи жасаған әйелді бизон сүзіп тастады
АҚШ-та селфи жасаған әйелді бизон сүзіп алды


АҚШ-тың Yellowstone Ұлттық саябағының әкімшілігі келушілерге әсіресе телефонмен селфи жасау барысында ерекше сақ болуды ескертіп дабыл қағуда. Guardian басылымының хабарлауынша, саябақ аумағында селфишілерге бизон шабуыл жасаған бесінші оқиға тіркеліп отыр. Миссисипи штатынан келген 43 жастағы әйел саябақтағы жабайы өгіздерге арқасын беріп өзін суретке түсіре бастаған. Кенеттен олардың бір тобы әлгі әйелге тұра шапқан. Ақыры қуып жетіп, мүйізімен көкке лақтырыпты. Саяхатшыға сябақ қызметкерлері дер кезінде араша түсіп, ол ауруханаға жатқызылды. Биылғы маусым айында Yellowstone ұлттық саябағында 780 мың адам серуен құрыпты. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 17%-ға артық. Ал шілде мен тамыз айлары келушілердің нағыз дамыл таппайтын уақыты саналып отыр. Соған орай саябақ әкімшілігі адамдардың өздерін бизондардан 23 және аю мен қасқырлардан 91 метр қашықтықта ұстау қажеттігін ескертуде.

Дереккөзі:24.kz

 
нравится:    956
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии