17 Август
05:33
Астана: 12 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
16 қыркүйек 17:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ-та сотталған Тәжаяқов пен Қадырбаевты елге қайтаруға мүмкіндік пайда болды


Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында  палата депутаттары «Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Аталған америкааралық конвенция арқылы АҚШ-та сотталған Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевты елге қайтаруға құқықтық мүмкіндік қалыптасады.Конвенцияға сәйкес, бір қатысушы мемлекетте екінші қатысушы мемлекеттің азаматына қатысты шығарылған үкімді сотталған адам өзі азаматы болып табылатын мемлекетте өтей алатын мүмкіндіктер қарастырылады. Бұл ретте сотталған адамды бір мемлекеттен екінші мемелкетке беру үкім шығарған мемлекеттің сұрау салуы, қабылдаушы мемлекеттің сұрау салуы немесе сотталған азаматтың өзінің сұрау салуы негізінде жүргізіледі. Бұл ретте сотталғандарды беру туралы сұрау салуды орталық органдар қарауға тиіс немесе ондай органдар болмаған кезде консулдық, дипломатиялық арналар арқылы қаралуға тиіс.
«Қазақстан Америка елдерінің көпжақты конвенцияларына қосыла бастады, өткен жолы осындай қылмыстық қудалау саласындағы бір конвенцияны Сенат қабылдаған болатын. Бүгінгі конвенция - сотталғандарды беру туралы құжат. Оның мақсаты - Америка елдерінде сотталған азаматтарымызды қайтарып, қалған жазаны елімізде өтеуге мүмкіндік беру», - деді Бас прокурор орынбасары Жақып Асанов. Оның айтуынша, сотталғандарды елімізге әкелу үшін бірқатар талаптар болуы шарт. Атап айтқанда, біріншіден,  сотталғанның өзі соны қалауы қажет. Екіншіден, Қазақстанның да, АҚШ-тың да тиісті органдарының келісімі керек. Бұдан бөлек, сот үкімі өлім жазасына қатысты болмауы қажет және қалған жазаның мерзімі кемінде алты ай болуы шарт. Бұдан кейін, АҚШ сотталған Қазақстан азаматын беруге дайын болса, онда Қазақстанның соты еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес жазаны тағайындайды. Ол жаза америкалық соттың жазасынан ауыр болмауы керек. Америка жағы Қазақстан сотының шешіміне қанағаттанса, онда сотталғанды Қазақстанға бере алады.
Түйіндей айтқанда, америкааралық конвенцияға қосылса, бұған дейін АҚШ-та сотталған Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевты елге қайтаруға құқықтық мүмкіндік пайда болады. «Ол үшін сотталғанның өзінің және тараптардың келісімі қажет. Бүгінгі күні Қадырбаевтың анасынан өтініш түсті. Бас прокуратура оны екі ай бұрын АҚШ-тың әділет департаментіне жолдады. Екі ел арасында қажетті келісім болмағандықтан, ол өтініш қаралмауы да мүмкін. Ал бұл конвенцияның күші Америка мемлекеттері ұйымының бас хатшысына ратификациялау грамотасын тапсырғаннан кейін отызыншы күні Қазақстанға тарай бастайды. Тек содан кейін ғана АҚШ біздің өтініштерімізді қарауға міндетті болады», - деді Бас прокурор орынбасары. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    857
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии