|    |  
07 желтоқсан 2019
01:25
қаз
​АҚШ-та студентті 115 колледж оқуға шақырған
26 сәуір 2019, 15:17 92
АҚШ тұрғыны Антониэтт Лав  Жаңа Орлеандағы мектепті бітіріп, жоғары орташа балл (төрт балдың 3,7-і) алған. Бойжеткен мұндай көрсеткішпен құжаттарын көп оқу орнына тапсыруға шешім қабылдаған. Оның өтінішіне 115 колледж бірден назар аударған.


 
18 жастағы бойжеткен «Мен құжаттарды тапсыруды жалғастыра бердім. Маған оларды неше оқу орнының қабылдайтыны қызық болды. Бастапқыда мен мұнша көп болады деп ойлаған жоқпын. Бірақ көбейген үстіне көбейе берді»-дейді.
Ол оқудан бөлек аниме, видеоойындарға қызығады, қоғамдық ұйымдардың мүшесі, бос уақытында дүкенде сатушы болып табыс табады. Оның ата-анасы да, төрт бауыры да білім алмаға. Ал өзі отбасындағы ең кенже бала. Енді үздік оқушы 1 мамырға дейін 115 колледждің біреуін таңдауы керек.

 


Дереккөз: КорреспонденТ


Жаңалықтар