17 Декабрь
23:49
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
5 наурыз 09:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ-та тұратын екі жасар бала полиция шақыртты


АҚШ-та екі жасар қыз бала киіне алмай, полицияны шақыртты, деп хабарлайды CBS.

Оңтүстік Каролина штатының диспетчерлік қызметі полиция жасағына байланыс қосылғаннан кейін көп ұзамай тұтқаны қоя салған кішкентай бала қоңырау шалғаны туралы ақпарат берді. Патруль шұғыл түрде қоңырау шалынған мекенжайға барды.
«Біз келген кезде алдымыздан шалбарын жарым-жартылай киген кішкентай қыз шығып, «Сәлем!» деп айтқанда қатты таңқалдық», - деп баяндады полиция офицері Марта Лоунс. Ол балаға киінуге көмектесті. Бүлдіршін тәртіп сақшысын құшақтап, алғысын білдірді.
Екі жасар Әлияның анасының айтуынша, ол баласын көмек керек болған жағдайда, 911 нөміріне хабарласуды үйреткен. «Біз нөмірлерді жаттап жүрдік, бірақ мен оның телефон соға алатынына таңқалдым», деген әйелдің сөздерін келтіреді басылым. 
нравится:    877
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии