20 Август
00:39
Астана: 11 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Авто
12 мамыр 09:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ-та жүргізушіні қажет етпейтін жүк көлігін жасап шығарды
Freightliner компаниясы жүргізушіні қажет етпейтін жүк көлігін жасап шығарды. Бұл туынды әлемдегі өзін-өзі басқара алатын алғашқы жүк көлігі статусына ие болды, деп жазады massaget.kz.

Қажырлы еңбектің арқасында жаһанға жаңалық болып келген бұл жүк көлігі, бүгінгі таңда Невада штатында арлы-берлі жүйткіп жүр. Көліктің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізген невадалықтар, оның қоғамдық жолдарда еркін жүруіне рұқсат еткен. Freightliner Inspiration Truck көлігі Highway Pilot жүйесімен жұмыс істейді.
Freightliner Inspiration Truck көлігі жылдамдық ағымына қарай бейімделе, арақашықтықты сақтай, керек жерде тежегішті қолдана алады. Тіпті, кептеліс кезінде алдындағы көлік пен бағдаршамға тоқтап, жолын ары қарай жалғастыра алады. Көлік алдыңғы бамперде орналасқан радар арқылы басқарылады. Оның көзі де һәм миы да осында. Дегенмен, әлі де толықтыру жұмыстары қажет. Көлікті жүргізу үшін болмаса да, оны іске қосуға бір адам керек. Себебі, ақылды көлік, әзірше адам сияқты небір маневрлерді жасай алмайтын көрінеді.
 
нравится:    486
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии