Әлем жаңалықтары
11 шілде 11:29
АҚШ тұрғыны 150 жыл бұрынғы крекерді жеді (ВИДЕО)


АҚШ тұрғыны 150 жыл бұрынғы крекерді жеген видеосын YouTube желісіне жариялады. Ер адам печеньенің жартысын жеп, қалғанын суға салады. Крекерді жұмсақ әрі дәмді ету үшін суға 30 жыл бұрынғы ерігіш кофе қосады.

Ролик авторының айтуынша, печенье АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінен қалған. Ол солтүстік штаттар әскерінің құрғақ тағамы (жеке тағам рационы) құрамында болған.

Алғашында печенье иесі тағамды музейге өткізгісі келген, кейінірек раритетті өзі жеуге шешім қабылдаған. Мекеме өкілдері де крекерді жұрт көзінше жеу идеясын қолдаған. 


Комментарии




Яндекс.Метрика