17 Август
23:32
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
3 ақпан 17:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 19 трлн доллардан асты


Америка федералды үкіметінің қарызы 19 трлн долларан асты. Бұл туралы The Washington Times-қа сілтеме жасап, lenta.ru хабарлайды. Аталған сома Американың жалпы ішкі өнімінің 103 пайызын құрайды.

Барлық қарыздың 13,7 трлн доллары компаниялар мен жеке компанияларға тиесілі. Қарыздың қалған 5,3 трлн доллары Федералды резерв жүйесіне берілуі керек.

Барак Обаманың президенттігі кезінде мемлкееттің қарызы екі еселеніп, 7 жыл ішінде 8 трлн долларға өскен. Сондай-ақ, 43-президент кіші Джорж Буштың кезінде де қарыз көлемі осы деңгейде болған.

Америка билігі келесі несие мәселесін 2017 жылы талқылауды жоспарлап отыр. Ол уақытта мемлекеттік қарыз көлемі 20 трлн долларға жетеді деп болжануда. Ал Американың бұрынғы республикалық сенаторы Рон Полткен 2015 жылдың шілде айында  АҚШ-тың қарызы туралы мәселені шешу керектігін айтқан. Оның сөзінше, қарыз өтелмеген жағдайда мемлекетте грек сценарийіндегідей дағдарыс болады. Сондықтан АҚШ әскери, әлеуметтік қамтамасыз етуге кететін шығындарды қысқартып, ұжымдық жеңілдіктердің көлемін азайту керек.

Дереккөзі: 7kun.kz
нравится:    853
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии