Әлем жаңалықтары
3 тамыз 09:16
​АҚШ вице-президенті өз үйінде екі жігітті үйлендірді

 
 
Джо Байден бір жынысты жұптың неке қию рәсімін өткізді. Салтанатты шара сасясаткердің үйінде өткен. АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден өзінің  Twitter-дегі ресми парақшасында бір жынысты жұпты өз үйінде үйлендіргенін жазған. Жазбаға жаңа үйленгендердің суреті қоса берілген. Вице-президенттің сөзіне қарағанда некелескендер Ақ үйдің қызметкерлері.
«Брайан мен Джоны үйлендіргеніме мақтанамын. Ақ үйдің қызметкерлері әрі жақсы жігіттердің бақытына қуанышымды жеткізе алмаймын»-деп жазған ол.
 


Бір жынысты некелер АҚШ-та 2015 жылдың 26-маусымында заңдастырылған. Жоғарғы сот АҚШ Конституциясы бойынша  азаматтың неке теңдігіне құқығын бекіткен болатын. Шығарылған шешімге сәйкес барлық штаттар барлық бір жынысты жұптарға неке куәлігін беруге, сондай-ақ мұндай куәліктерді ресми түрде мойындауға міндетті.
 
Дереккөз: dni.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика