23 Август
19:34
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
26 мамыр 14:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ жазушылары Дональд Трампқа қарсы шықты


450-ден астам америкалық жазушы Республика партиясының атынан Құрама Штаттар президентіне үміткер Дональд Трампқа қарсы электронды петицияға қол қойды.

Құрамында Стивен Кинг, Жюно Диас және Дэвид Эггерс секілді жазушылар бар әдебиетшілер "Америка халқына ашық хат" деген онлайн-жолдау жариялады. Онда Трампты "өзгеше ойлайтындарды қорқытып, ізбасарларының агрессиясын қолдап отыр" деп айыптайды.

"Америкалық тәжірибенің мақсаты басынан бастап халықты біріктіру болып табылады, керісінше бір-бірлеріне қарсы қою емес", – делінген петицияда.

Онлайн-хаттың авторлары сайлауда Трамптың кандидатурасына қарсы шыққанымен, петиция мәтінінде оған қарсы дауыс беру туралы үндеу жоқ. Қазіргі уақытқа дейін петицияға 8500 адам қол қойған.

24 мамырда Вашингтон штатындағы бастапқы сайлаудағы жеңістен кейін Дональд Трамп өзінің АҚШ президенттігіне басты үміткер ретінде ұсынуға жақындап қалды. Егер ол 7 шілдеге дейін талап етілген 1237 дауыстың жетіспей тұрған 14 дауысын жинаса, онда Республикалық партия атынан президенттік сайлауға басты үміткер болады.

centralasian.org
нравится:    685
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии