20 Август
00:39
Астана: 11 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
28 қаңтар 15:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ақша есебін жүргізуге арналған тегін мобильдік қосымшалар


Қазіргідей дағдарыс кезеңінде жұмсалған қаражатты тиынына дейін есептеудің маңызы зор. Үнемшілік адамды жоқшылықтан, қарызға батудан сақтандырады. Оның үстіне заманауи құрылғылар қаражатыңызды басқаруға мол мүмкіндік береді. Күнделікті қаражаттарыңызды тиынына дейін есептеп отыратын  мобильдік қосымшалар қазір жетерлік. Біз көпшілік назарына  тегін жүктелетін ақша есебін жүргізуге арналған қосымшалар тізімін ұсынамыз.


«Где деньги» қосымшасы

11655490_728335893955298_18022366_n


iOS -қа арналған қаржылық жағдайды басқаруға көмектесетін мобильдік қосымша.

Бұл қосымшаның ерекшеліктері:

—  жеке шығындарды есептеу;
– әмияндар санының көптігі;
– барлық әмиянның бюджетін немесе жекелей санаттар бюджетін басқару;
– қазіргі қаржылық жағдайды толық бақылау ұстау;
– танымал валюталармен есеп жүргізу;
– Touch ID арқылы құпиясөзбен қорғау;
– iCloud-қа мәліметтер автоматты түрде сақтық көшірмесіне сақталады;
– iOS8-ге арналған виджет;
Қосымшаны App Store дүкенінен жүктеп алсаңыздар болады.

Monefy қосымшасы

main_page_chart

Бұл қосымшаның ерекшеліктері:

— Интерфейсі өте түсінікті;
— Жаңа жазбаларды жылдам қосу;
— Шығындарды әдемі график түрінде беру;
— Санаттарды басқару;
—  Жеке Dropbox аккаунтыңыз арқылы қауіпсіз үйлестіру;
—  Есептік кезең таңдау;
—  Белгілі бір мерзімге шығындарды тиімді басқару режимі;
—  Сақтық көшірме;
—  Жарнама жоқ;

Қосымшаны Play Market дүкенінен жүктеп алсаңыздар болады.

Деньги ОК қосымшасы

11124694_728354543953433_125568586_n


Бұл қосымшаның артықшылықтары: 
— CSV-файл етіп экспорттау (Excel-де ашылады)
-есеп жүргізу;
— табыстарды есептеу;
— калькулятор
— операцияларға пікір жазу;
— тұрмыстық санаттарға бөлу;
— құпиясөз;
— Touch ID
— жедел мәліметтер базасы;
— iCloud-пен үйлестіру;
— бэкаптар
Қосымшаны App Store дүкенінен жүктеп алсаңыздар болады.

Money Manager қосымшасы

unnamed


Бұл қосымшаның артықшылықтары:— Дербес компьютермен байланыстыруға болады;

— Wi-fi арқылы қосылып операцияларды компьютеріңізде реттеп, өзгертуге болады.

— Қосарлы жазба жүйесін қолдануға болады. Бұл қосымшада сіздің есебіңіз бен өзге активтердің жағдайын бақылауға мүмкіндік бар;

— Бюджеттерді басқару, қаржылық ахуалыңыз инфографикамен беріледі;

— Несие карталарын басқару. Картамен төленуі тиіс қарыздарыңыздың мерзімін белгілеп қойсаңыз, алдағы уақыттағы жоспарларыңызға енеді. Сонымен қатар, автоматты түрде төлеу жүйесін де енгізе аласыз;

— Құпиясөз;

— Қайталатын аударымдар мен операцияларды шығарып отырады. Сол арқылы жедел арада қаражатыңызды басқаруға мүмкіндік бар;

— Ыңғайлы статистика. Кез келген уақытта табыс пен шығын көлемін көре аласыз;

— Жиі жүргізілетін операцияларды «таңдаулы» етіп қоюға болады;

— Мәліметтерді көшіруге және қайта қалпына келтіруге болады. Және пошта арқылы жіберуге болады. Excel кестесіне, IPhone-нан импорттауға болады.

Қосымшаны Play Market және App Store дүкендерінен жүктеп алсаңыздар болады.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
 
нравится:    647
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии