21 Август
01:20
Астана: 12 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
26 тамыз 14:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақтауда қыз зорлаған қылмыскер жайлы ақпаратқа 1 миллион теңге сыйақы беріледі

Ақтаулық кәсіпкер 6 жасар қызды зорлаған қылмыскердің қайда екенін айтқан адамға 1 миллион теңге сыйақы беруге дайын.

Бұл туралы «Лада» хабарлайды.

«Егер менің бұл көмегімнің пайдасы тиіп жатса, мен ақшаны аямаймын. Біз қыздарымызды зорлық көрсету үшін емес, бақытты болуы үшін өсіріп отырмыз. Енді бұл бүлдіршінді бақытты қылу қиын болмақ. Ал, қылмыскер тиісінше жазалануы керек», – дейді кәсіпкер.

Егер қылмыскер жайында қандай да бір ақпарат білген адамдар болса, 47-48-10, 47-48-11, 47-48-52, 47-48-29, 47-48-26, 47-48-02 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Бұған дейін Ақтауда 6 жасар қызды ұрлап әкетіп зорлап кеткенін,  қызды зорлаған болуы мүмкін деген адамның видеосы табылғанын хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 20 тамыз күні Ақтау қаласындағы №1 ықшам ауданда болған. 6 жасар қыз күндізгі уақытта жоғалып кетеді. Алғашында 2,5 сағаттай өздері іздеп таба алмаған соң ата-анасы полицияға хабар берген. Полицейлер қансыраған бүлдіршінді жағажайдың бірінен тауып, балалар емханасына жеткізген.
нравится:    1184
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии