21 Октябрь
07:13
Астана: 6 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
7 қыркүйек 09:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақтаулық бүлдіршінге жауыздық жасаған педофил ұсталды

 
Екі аптаға созылған үнсіздіктен кейін ақтаулық полицейлер алты жастағы бүлдіршінге қорлық қылған қылмыскерді ұстағандарын хабарлады. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оның аты-жөні әзірге айтылған жоқ. ІІД оның осы қылмысқа қатысы бары сараптама арқылы расталғанын хабарлады. Қылмыскер бұрын сотталмаған. Бірақ психиатриялық диспансерде есепте тұрған.
 
20-тамызда 6 жастағы бүлдіршін қызды тапа тал түсте ұрлап әкеткен болатын. Бірнеше сағаттан кейін баланы қала сыртынан ессіз жатқан күйінде табылды. Қылмыстық ізін суытпай бірнеше күдікті  ұсталған-ды. Дүкендегі бақылау камерасына түсіп қалған күдікті осы қылмысты жасаған болып шықты. Құқық қорғау қызметкерлері қылмыскердің тергеу шараларының кезінде ұстағанын мәлімдеді. Сол себепті уәде етілген 3 млн теңге ешкімге берілмейді.
 
Қайрат  Дәлбеков, Маңғыстау облысы ІІД басшысы:
Ол өз кінәсін мойындады. Адам өлтіру, зорлық және адам ұрлау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Дереккөз: КТК
нравится:    1023
Теги: Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии