20 Октябрь
00:30
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
14 шілде 16:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақтөбе облысында әкімнің жеті жасар немере інісін тәтесі буындырып өлтірген



Ақтөбе облысында әкімнің жеті жасар немере інісін белгісіз біреу буындырып өлтірген. ІІД оған қатысты істі үш ай бойы тергеп, күдіктіні анықтады, деп хабарлайды «Диапазон».
Жеті жасар Саянды 27 сәуір күні белгісіз біреу буындырып өлтірді. Онымен қоймай қылмыскер оқушының мәйітін нағашы атасының мал қорасына лақтырып кеткен. Саян Айтеке би ауданының Милы ауылында тұратын. Ол мектептен қайтып оралмағасын жақындары балақайды дереу іздей бастайды.
Ақыры қорадан жансыз денесі табылғанда туыстары оны кім істегенін түсіне алмай дал болды.
«Тергеу жүруде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Баланы өлтірген күдікті әйел анықталды», – дейді полицейлер.
Айта кетерлігі қаза болған баланың мәйіті Ақтөбе облысы Əйтеке би ауданына қарасты Милы ауылының əкімі Рахила Сейітованың қорасынан табылған.
Жергілікті тұрғындардың сөзіне сенсек, күдікті ретінде Саянның психикалық дертке шалдыққан тәтесі қамауға алынған.


Дереккөзі: Диапазон
 
нравится:    1099
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии