19 Август
15:10
Астана: 20 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
31 мамыр 10:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақтөбе орталығына алты метрлік домбыра орнатылды

Ақтөбеде қаланың 147 жылдығы құрметіне домбыра түріндегі ескерткіш пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл қаладағы ұлттық музыкалық аспапты дәріптеуге арналған алғашқы ескерткіш болып отыр. "Оны жасауға 3 ай уақыт кетті", - деді жоба авторы Қуатбек Есжанов.

Шебердің айтуынша, алты метрлік домбыра толықтай темірден жасалған, ал ішіне темір шыбықтар орнатылыпты. Аспаптың сырты литиймен қапталды. Ескерткішті жасар кезде автор домбыра жасау кездегі барлық талапты мұқият орындаған. Ол ескерткіш орнатылған жер болашақта азаматтар демалуға, түрлі байқау ұйымдастыруға арналған жайлы орынға айналады деп үміттенеді.

Болжам бойынша, Қуатбек Есжанов туындысына 300 мың теңгеге жуық қаражат жұмсады. Жоба қалалық әкімдіктің тапсырмасымен жасалыпты.

 
нравится:    717
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии