22 Апрель
14:32
Астана: 14 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 326.17
EUR/KZT: 401.25
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.84
Әлем жаңалықтары
8 сәуір 16:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақтөбеде аясуыз соққыға жығылған мұғалім көз жұмды



Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінің подъезінен аясуыз соққыға жығылған мұғалімнің денесі табылды. Ол ауруханаға жеткізіліп, бірнеше күн комада жатқаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды «Актобе Таймс».

32 жастағы Екатерина Самсонова есімді мұғалімнің аяусыз соққыға жығылған денесі көп қабатты үйлердің бірінің кіреберісінен табылған. Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер ота жасап, өмірін арашалап қалуға тырысқанымен, әйел есін жимаған күйі аурухана төсегінде көз жұмған.

Өңірлік ІІД баспасөз қызметі аталған фактінің орын алғанын растағанымен, қылмыстың анық-қанығы жөнінде мәлімет берген жоқ.

Әйелдің туыстарының мәлімдеуінше, Екатерина өзін аясуыз ұрып тастаған ер адаммен таныс болған. Қайтыс болған мұғалімнің анасы Наталья Самсонованың сөзінше, күдікті 1983 жылы дүниеге келген, құрылыста жұмыс істейді екен. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.

«Ол қызымды аясуыз ұрып-соғып, үстінде секіріп, қабырғаларын сындырған. Бізге мәлім болғандай, оны зорламақ болған. Ол өз кінәсін мойындап, ұсталды. Нәтижесінде оған «Адам өлтіру» бабы бойынша емес, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылып отыр», – дейді әйелдің туыстары.

Қайтыс болған Екатерина Самсонованың артында 13 жастағы ұлы қалды.
нравится:    242
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии