22 Сентябрь
01:24
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Әлем жаңалықтары
23 маусым 14:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ақтөбеде «динозавр жұмыртқасы» табылды
Ақтөбеде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде «динозавр жұмыртқасына» ұқсас зат табылды. Әмірғали Ділимов динозаврдың жұмыртқасы деп топшылаған шар тәріздес тасқа айналған, салмағы ауыр белгісіз затты көпшілікке көрсетті.



Бұл жұмыртқалар Ақтөбе қаласындағы құрылыс учаскелерінің бірінде қазба жұмыстарын жүргізу кезінде 4-7 метрлік тереңдіктен, саз балшық арасынан табылған.
Шар тәріздес тастың бірі ірі, бірі одан сәл кішірек. Екеуі де 4 бөлікке бөлінген. Сырты ақ топырақ. Ортасында қызғылт түсті өзегі байқалады. Өзегі тас емес, ағаш шіріндісіне ұқсас жұмсақ зат.
Тас тәрізді затты қолдарына алған мұражай қызметкерлері, оның жер астында  миллиондаған жылдар бойы жатқандығын айтып отыр.

Оның шынымен де «динозавр жұмыртқасы» ма, әлде басқа ұқсас зат па оны арнайы мамандар анықтайтын болады.

Дереккөзі: tengrinews.kz
нравится:    1654
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии