18 Октябрь
02:24
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
21 қыркүйек 18:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақтөбелік ақсақал Нұрсұлтан Назарбаевқа сәйгүлікті қалай сыйға тартқанын айтып берді



Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешіті ақсақалдар алқасының төрағасы Қабден Қуандық қажы кезінде Елбасымызға Ақбақай атты сәйгүлік тарту еткенін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Осыдан ширек ғасыр бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына келетін болды. Сол кездегі облыс басшысы Шалбай Құлмаханов бастаған халық қонақжайлылық танытып, Елбасыға құрмет жасады.

Қуандық ақсақал сол уақытта ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы болған. Екі ай бойы Ақбақай атты сәйгүлікті жаратып, қолдан ат әбзелдерін дайындаған.

Жылқының жақсы жаратылғанына таңқалған мемлекет басшысы ақсақалдың қолын алып, арқасынан қаққан.

«Кездесу аяқталған соң, Елбасы халықпен қоштасып, көлігіне беттеді. Арғымақпен президент кортежінің соңынан ілестім. Тікұшақ тұрған жерге келген соң, Нұрсұлтан Әбішұлының көзі сегіз өрім тобылғы сапты қамшыға түсіп, ерекше ықыласын танытқан. 40 минут бойы аттың тегі туралы қазақы әңгіме құрып, оның жылқыға құмар жан екенін байқадым», — дейді Қабден Қуандық Aktobenews.kz тілшісіне берген сұхбатында.


 
нравится:    147
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии