12 Декабрь
06:53
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
20 тамыз 12:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ақтөбелік әжейдің бақшасына арабша жазуы бар қызанақ өсіп шықты (фото)

Ақтөбе тұрғыны Флюра Сүлейменова бақшасындағы көкөністі жинап жүргенде арабша әріппен жазылған қызанақ тауып алды.

Қала тұрғыны Флюра Сүлейменованың бақшасында өсіп шыққан қызанақтағы жазбаны алдымен немересі көрген.
«Бұл Жаратушының ерекше сыйлығы деп білемін. Мұны жемейміз, сатпаймыз. Тапқан табысымыз өзімізге жетеді. Мұны жақсылыққа жорып отырмыз», – дейді 79 жастағы кейуана.
Алғашында қызанаққа күн сәулесінен дақ түсті деп ойлаған. Бірақ,көкөніс өнімі түбінен жұлынған екен. Үлкендері анықтай келе, мұндағы дақтар жай шимай емес, арабша әріптер екенін көреді.
Қазір қызанақ үйде сақтаулы тұр. Мешітке апарып, жазуды оқытпады.
Ал «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков: «Бізге жұмыртқа, қауын-қарбыз, тіпті, жеті шелпек пісірген кезде наннан көрінген жазбаны әкелді. Мұндай тағамдарды сақтамай, Құран оқып, жеу қажет», – дейді.
 
Дереккөзі:nur.kz
нравится:    1046
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии