16 Август
23:27
Астана: 15 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
8 қаңтар 11:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақтөбелік бүлдіршіндердің пародиясы әлеуметтік желіде танымалдыққа ие болды


Ақтөбелік бүлдіршіндер хитке айналған "Алло" әніне пародия түсірді. Видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, әлеуметтік желі пайдаланушыларының зор ықыласына бөленіп үлгерді. Бұл туралы news.mail.ru сайты хабарлайды.
  
Бүлдіршіндердің пародиясы Ақтөбедегі көпбалалы отбасыда түсірілген. Алты баланың анасы Гүлсім Омарова клип туралы ештеңе білмегенін айтады. Ол бейнебаян түсірілген күні қонақта болған.
Гүлсім Омарова балаларының өте қабілетті екенін айтты. Мысалы, тоғызыншы сыныпта оқитын үлкен ұлы Ерлан бес жылдан бері қарындасымен бірге тойларда "Қара жорға" билейді. Бұл бейнебаянды түсірген де сол болып шықты. Ерлан заманауи технологияны жақсы көреді. Ол сол күні Интернеттен осы әнге түсірілген бейнебаянды көргенін, сол кезде кіші бауырлары - Сәбина мен Нұрдәулеттің басты рольдерде ойнай бастағанын айтты. Осы кезде Ерланға оларды видеоға түсіру идеясы келген. 
Видео ұялы телефон арқылы түсірілген. Сәбина бойжеткен қыз болып көріну үшін жасанды кірпік те жабыстырып алған. Ол кірпіктерді ұйықтап жатқан әпкесінен жасырын түрде алады, тіпті бейнебаянның түпнұсқасында басты рольде ойнаған қызға ұқсау үшін халат  киіп алған.
Ролик қазірдің өзінде 3,5 мың көрілім жинап үлгерді.
 
Еске сала кетейік, әннің түпнұсқасын Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан орындайды. Екі әншінің дуетіне түсірілген бейнебаян өткен жылдың соңында көрермендерге жол тартқан болатын.



 
нравится:    1543
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • гулшат2016-02-10 23:05:43
    ақтөбелік бүлдіршіндердің алло клипін қалай скачат етуге болады