24 Август
12:47
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
6 қаңтар 11:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақтөбелік математикті Режеп Тайып Ердоған марапаттады

Ақтөбелік математик Марат Ахмет Түркияның жоғары ғылыми марапатына ие болды. Түркияның ғылыми-техникалық зерттеулер кеңесі (TЬBЭTAK) ғалымдарды жоғары наградалармен марапаттады. Олардың арасында Қазақстан азаматы Марат Ахмет те бар. Түркиядағы ҚР Елшілігінің хабарлауынша, М.Ахмет 1998 жылдан бері Түркияда ғылыми қызметпен айналысады. Ол — математикалық теориялар жаңашылы ретінде Түркияда және шетелдерде танымал ірі ғалым, математика ғылымдарының докторы, профессор.

Анкарада TЬBЭTAK марапаттарын тапсыру Түркия Президентінің сарайы «Ақсарайда» өтті. Ғылыми награданы математика ғылымдарының профессоры М.Ахметке Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі тапсырды.

«Біздің отандастарымыздың Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де өздерінің ғылыми қызметтерінің жоғары нәтижелерін көрсетуі сүйінішті. Мұндай мысалдар Қазақстанның ғылыми әлеуеті зор екенін көрсетеді», — деп атап өтті Түркиядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев.

М.Ахмет — Қазақстанда математикалық білім алған ғалым, Түркияға келгеннен кейін де өзінің ғылыми қызметін жалғастыра отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Ғалым Түркияның ғылыми-техникалық зерттеулер кеңесіне Түркияның жоғарғы ғылыми марапатына ұсынғаны үшін ризашылығын білдірді.

М.Ахмет бұл сыйлыққа математикадағы ғылыми ашылымдары, атап айтқанда, дифференциальдық теңдеулер теориясы үшін ие болды. Оның ғылыми зерттеулері Түркияда ғана емес, бірқатар еуропалық елдерде пайдаланылуда. М.Ахметтің еңбектері Түркияда, Еуропада және АҚШ-та ағылшын тілінде басылып шықты.

Математика мамандығы бойынша аспирантура және докторантураны Киев мемлекеттік университетінде тәмамдаған профессор Марат Ахмет 1954 жылы Ақтөбе қаласында туған. Ұзақ жыл Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және жекеменшік білім беру орындарында оқытушы болған. 1998 жылдан бастап қазірге дейін Түркияның Анкара қаласындағы Таяу Шығыс Техникалық университеті (Orta Doğu Teknik Üniversitesi) математика бөлімінің профессор-оқытушысы. «…Өміріміздегі ең маңызды дүние тек қана білімде емес, өзіңді қызықтыратын, адамзатқа пайдасы тиетін, алдыңа бір мақсат қою және сол мақсатқа жету үшін бар күшіңмен тырысу. Алдыңа қойған мақсат үлкен болуы керек. Өмірде жеңімпаз болуды мақсат тұтуымыз керек. Алдымызда осындай үлкен мақсаттар болса, өмірдегі қиыншылықтардың барлығы өткінші болып көрінеді және сол қиыншылықтарды жеңуіміз оңай болады», — деп ғалым жастарға ақыл-кеңес береді.

​Baq.kz
нравится:    667
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии