|    |  
13 қараша 2018
23:05
қаз
Актриса Эми Адамс тұрмысқа шығады
29 сәуір, 17:12 803
«Большие глаза» және «Афера по-американски» фиьмдерімен елге танылған актриса Эми Адамс тұрмысқа шығады деп жазады showbiz-news.ru.

Эми белгілі актер және суретші Дарреном Ле Галлоның заңды әйелі болуға шешім қабылдады. Ол болашақ жарымен осыдан 14 жыл бұрын, 2011 жылы актерлік курста танысқан болатын.

2008 жылы қос ғашық атастыру рәсімдерін өткізген болатын. Міне, содан бері аттай жеті жыл өтті. Осы жылдар ішінде  қалыңдық пен күйеу жігіттің қызы Авиана дүние есігін ашты. Бүлдіршіннің жасы бесте.

Журналистерге жеткен ақпараттарға қарағанда, үйлену тойы жақын туыстары мен дос-жарандарының арасында осы демалыс күні өткізілмек.
Жаңалықтар