|    |  
15 қараша 2018
09:06
қаз
Акула жол көлік оқиғасына ұшырады
12 маусым, 10:19 926
Көп жағдайларда адамдар акуаның құрбаны болып жатады. Бұл жолы керсінше, акула адамдардың қолымен жасалған оқиғадан зардап шекті.



Контейнерге салынған бес акуланы тасымалдаушы жүк көлігі Американың Флорида штатында аварияға ұшырады деп хабарлайды Newsweek.  Жолда акула тиеген жүк көлігінің дөңгелегі ұшып кетіп, ол абайсызда жолдан шығып кетіп тоқтаған.
 
Жазатайым оқиға нәтижесінде, көлік жүргізушісі қатты зардап шекпеген, тек контейнердегі бес акуланың біреуі қатты соғылуы салдарынан өліп қалған. Ал акуланың  қалған төртеуі аман.

Жол көлік оқиғаларынан тек адамдар ғана емес жануарлар мен жәнтіктер де жиі зардап шегіп жатады.  Еске салсақ, 2015 жылдың 9 шілдесінде Огайо штатында жануарлар таситын  көлік авария ұшырау нәтижесінде  400 жануар өліп, шамамен 2000  жануар тордан шығып қашып кеткен болатын.

Дереккөзі: дни.ру
Теги: Главная
Жаңалықтар