15 Декабрь
16:25
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
13 қазан 16:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақыл ақымақ адамға қарыздар
Таусылмайтын қазына не десе, бірден жақсының айтқан нақылы дер едім. Жыл өткен сайын осы тұжырымым беки түскендей көрінеді. Қай кезде болмасын қағидаға айналған ғибраты жебейді де тұрады. Ақыл айтуға бәріміз құштармыз ғой. Нақыл айтуға құдыретіңіз жете ме?



Ақыл айту демекші. Ақылдың сан түрі болады дейді бір танысым. Меніңше ақыл біреу ғана. Оны айтатындар сан түрлі. Халық арасындағы «Хан айтқан сөзді қарада айтады, бірақ аузының дуасы жоқ» дейтіні бар ғой. Сонда дуалы ауыз кімде? Әрине ол өмірді түзу сүре білгендерде. Шенді-шекпенді емес, ұстаз не болмаса қарияда емес, өмірді түсіне білгендерде.

Осы орайда еске Лұқпан һәкім хақындағы бір хикая түседі. Әңгімені желісі мынада. Ел арасындағы атақты емші Лұқпан һәкімге бір отбасы келеді. Келіп бұйымтайын баян етеді. Олардың балалары тәттіге құмар екен. Сол құмарлықтан арылту үшін ат терлетіп алыстан келіпті. Сонда Лұқпан һәкім балаға қарап тұрып, айналайындар тұп-тура қырық күннен соң келіңдер депті. Араға қырық күн салып әлгі отбасы тағы келеді. Сонда Лұқпан һәкім балаға қарап тұрып, әй балам сен енді тәтті жеме деп айтыпты. Мұны көрген ата-ана ашуға булығады. Сонда бұл сөзді қырық күн бұрын айта салуға болмас па еді деп. Лұқпан һәкім сабырлы қалпында тұрып, бұл баланы әкелгенде тәттіге деген құмарлық менің бойымда да болған еді. Мен сонсоң қырық күн бойы өзімді тәттіден тыйдым. Өзімді тыйғаннан кейін ғана айтуға хақым бар еді депді.

Тереңіне үңіліп, түсіндіріп жатудың өзі артық. Айтпақ ойдың әлқиссасы осында ғой. Ақыл айтушылардың бөлінуі осы тұстан бастау алады тегі.

Ақыл айту ол бергісі ғой. Оны айту оңай дейтіндерді түсіне бермеймін өз басым. Бірақ ақлды тұрмақ ақымақтың өзі қиындығын мойындап қойған бір үдеріс – ол ақылды тыңдау. Арғы-біргісін қойғанда атақты Мансұр, хан Абылай ең ауыр қарғысты не деп еді? «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деді емес пе.

Қазіргі кезде ақылға зәру адам жоқ. Бәрінің өз білгені бар. Оған ақыл айтып аузыңды ауыртсаң ақымақсың. Бір ауыз сөзге тоқтау дегеннің сынығы да қалмады-ау. Бұлай қалыптасқанға ақыл берушілер кінәлі, кінәсін қойғанда күнәлі деп ойлаймын. Анадан ар, атадан парасат кетті дейміз кеп көсіліп. Бұлар қандай ақыл айтады дерсіз. Тыңдау туралы сөз бастамай-ақ қоялық.

Анығын айтып, мойындауымыз керек біздің. Қоғамның бұл бөлігі қай кезде болмасын болған. Әйтпесе қаршадай қызды қатын қылған қарияң, күнәсін паш еткен анаң хақындағы туындылар қайдан келді дейсіз. Қасіреті басқада. Біз бұл үдеріске қалыпты деп баға беріп қойғанымызда. Былайша айтқанда, мойындап қойғанымзда. Енді міне ақылды мен ақымақтың малы төскейде бірге жайылып жүр, іргесі көршілес. Содан болар ара жігін айыра алмай қиналамыз оларды. Оларды ажыратып жатқаныңша білгеніңді істегенің әлде қайда қолайлы ғой.

Таяуда abai.kz порталынан Нұрғали Нұртай деген журналистің «Украина «советті» өшірмек, бізде «Петр, Павел» әлі тұр» деген мақаласын көзім шалды. Адам таң қалатындай жаңалық жоқ әрине. Мектеп қабырғасында ұстаздарымыз айтып отыратын әңгімелердің әрі-берісі ғана. Ақылға «мықтымыз» ғой. Үтір, нүктесінен дейін сүзіп оқып шықтым. Ой дұрыс. Қазаққа қазақылану керек. Бірақ бұл орайда Украина бізге үлгі ме екен? Түбегейлі өзгеріске бой алып жатқанына біз де куәміз. Бірақ олар осының өтеуіне не берді? Қан-төгіс, «Майдан», көтеріліс. Ал біз осындай құрбандыққа баруға дайынбыз ба? Тас болып орнында қатып жатқан дүние емес қой. Біртін-біртін қалыпқа келе жатыр. Міне осындай жаңсақ пікірлер ақыл айтушылардың арқасында ақылды тыңдамайтын болып алдық десем артық кеткенім бе?

Жазып отырғанның қан-төгіс дегеннің исі де мұрнына барып отырған жоқ. Тыныштықтың қадірін білмейді себебі. Көңілге селкеу түсіретіні мақала астындағы пікірлер. Қолдан келгенше қолдап отыр. Қайда айдасаң сонда кетеді. Масқара шығар.

Бұл бергі жағы ғана ғой. Дәл осы бағыттағы мақалалар легі ақпарат алаңында ағыл тегіл жазылып жатыр. Ақыл деген бар мәселені көтеру емес, ақыл деген одан шығар жолды ұсыну тегі. Бірақ оны кім айтып отыр. Қудай куә, сол ортада тұрып бұл дұрыс емес деп айтып көріңізші, алас-ұрып сені ұлтын сүймейтін бір ақымақ етіп шығарады. Ақылдысы ақымаққа, ақымағы ақылдыға айналды да «АҚЫЛ» құнсызданды түбі.

Әрине Абылай айтқан қарғыстың кәріне ұшырадық деп кесіп айту әбестік. Және ол олай емес те. Қайталап айтамыз, ақылдыны ақымақ ету қашанда болған үдеріс. Әйтпесе біз Абайды сабап, Қасымды тентіретпес едік.

Мына бір қызыққа көз салыңыз. Мақаланы сүзе оқып шыққан болсаңыз, осы сұраққа жауап беріп көріңізші. Сіз ақылдысыз ба, ақымақсыз ба?

P.S. Ақыл – азап. Себібі ақымақ адам азаптанбайды. Рухани азапты айтып отырмыз. Ақылды айту – азап, ақылды тыңдау – азап. Оны ақымақ қана оңай қылады. Оңай айтып, оңай тыңдай салатын. Қабылдау бөлек әңгіме.

Аян Азаматұлы,
"Арқа ақшамы" газетінен
нравится:    63
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии