22 Май
04:49
Астана: 16 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 328.95
EUR/KZT: 386.38
RUB/KZT: 5.27
CNY/KZT: 51.50
Мәдениет
25 желтоқсан 09:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ақын Қайнар Алагөзов Төреғалиді қорғап, өлең шығарды
Екі күн бұрын басы бітпес дауға қалған Төреғалиді біреулер жақтап, біреулер даттап жатыр. Қоғаммен бірге өнер адамдары да екіге бөлінуде. Төреғалидің жан жолдасы, хит әндерінің біразын жазған ақын Қайнар Алагөзов досын қорғап шықты. Желідегі парақшасында әншіні сынағандарға өлеңмен жауап берді.


 
«Армысың, Ұлы Қазақ, ұлым деген,
Ешқашан осалдығы білінбеген.
Күніне мың бір бəле көрсе-дағы,
Алладан күдер үзіп, түңілмеген.
 
Қателесіп кешірім сұрағанды,
Меніңше, дұрыс емес жұлып жеген.
Төрешті табалайтын адамдардың,
Ішінде кім бар екен сүрінбеген?!
Қайсың бар қарауылға ілінбеген,
Ұяттан өліп, қайта тірілмеген.
Расында, бұл қоғамда кім бар екен,
Сəбидей əппақ ары бүлінбеген.
 
50-ді ердің жасы деген қазақ,
25 - ойнақтаған құлын деген.
Төрешке кешіріммен қараңыздар,
Жүрегі тынышталсын дірілдеген.
 
Жасымнан жан жолдасым, інім деп ем,
Көп онда ақыл-өнер, білім деген.
Күншілдер даттаса да, боқтаса да,
Қасында қалам оның түбінде МЕН!»-дейді ақын.
 
Дереккөз: Reactor
нравится:    971
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии