21 Октябрь
09:23
Астана: 5 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Спорт
22 тамыз 10:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ақжүрек Таңатаров: Қазақстан құрамасының бапкерлеріне қарасаң қарның ашады

  
Еркін күрестен Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Рио ойындары мен күрестен Қазақстан құрамасының бапкерлеріне қатысты сыни пікірін білдірді. Өзінің ойын ол инстаграмдағы парақшасына жазған.
 
Дүбірлі доданың соңғы күнінде жазған алғашқы жазбасында: «Бүгін Олимпиада ойындарының соңғы күні. Бірақ еркін күрестен біздің палуандарымыз медальсыз қалды. Соңғы үміт Мамед Ибрагимде. Айтайын дегенім, бар жүкті палуандарға артпай, басшылықтан да сұрау алу керек шығар. Сөздің ашығы, Күрес федерациясына теміржолшыларды емес, нағыз күрес майталмандарын шақырту керек. Еліміз нағыз еркін күрес мамандарынан кенде емес. Байрамуков Ислам ағамыздың өзі бір төбе. Бастысы ұлт, ел жанашыры. Ал қазіргі бас бапкерге келетін болсақ, мықты болса неге өзінің кәсіпқой бапкерлігін Жапонияды, АҚШ-та, Латвияды, Ресей Федерациясында қалың елге дәлелдемеген? Сол кісінің арқасында жерге қарап, Рио олимпиадасында жүлдесіз қалған біздің палуандар болғаны ма? Нәтижесіз бапкерге қомақты қаржы төлеп жүлдесіз қалғанша, азын-аулақ ақшаны қанағат тұтып, Отанымыздың даңқы үшін ерен еңбек еткен өзіміздің бапкерлерге неге табыстамаған екен Олимпиада ойындарын? Риодағы келеңсіз жағдайлардан кейін Күрес федерациясы барлығын жөнге келтіреді деген сенімдемін»-десе,
 
екінші жазбасында: «Қазақ палуандары үшін Олимпиада ойындарының дәл осылай нәтижесіз, жүлдесіз өтетінін ішім сезген еді. Медаль түгілі, қызықты жан түршігерлік күрес көрмедік бұл жолы. Еркін күрестің шырқын бұзғандай. Қазақстан құрамасының бапкерлеріне қарасаң қарның ашады. Федерация мүшелері мен бас бапкер енді қалай ақталар екен? Бәлкім палуандарымыздың болашағына балта шаппай, өз лауазымдарын білікті мамандарға берер. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші бас бапкер өз Отанына оралғаны жөн шығар. Әрине егер ол жақ құшақ жая қабылдаса. Жалпы, еліміздің палуандарына еш қарсылығым жоқ. Сол палуандарға жол сілтеп, жеңіске жетелей алмайтын бапкерлерден не пайда?»-деп түйіндеген.

"Біле білген адамға, мен бұл постты палуан достарымды ғайбаттау үшін емес, өмірін күреске арнаған, тағдырын күреспен байлаған достарымның ерен еңбегін еш қылған бас бапкер мен федерация мүшелері жайында сөз қозғағам. Бас бапкеріміз білдей екі дүркін Олимпиада чемпионы, даңқты спортшы бола тұра палуандарымызға дұрыс тактика қоя білмеді. Шындықты айтқанның айыбы жоқ. Айтпайын десем палуандарымыз үшін ішім күйіп барады"-дейді түсіндірме жазбасында. 

Спортшының көңілі толмай, сөзбен түйрегені Күрестен Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері, кезінде екі мәрте Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы атанған, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Сергей Белоглазов.
 
Желі қолданушылары спортшыны қызу қолдап: «Бас бапкер - Ислам Байрамуков, көмекшілері - Нұрбақыт  Теңізбаев, Ақжүрек Таңатаров. Грек-римнен бас бапкер: Жақсылық Үшкемпіров. Дәл осындай құрам болса мықты болады», «Ислам ағамызға бас бапкерлікті беру керек»-деп, түрлі пікір қалдырған.  

Көпшілік қалап отырған Ислам Байрамуков - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Сиднейдегі 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 
нравится:    3781
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии