23 Август
00:40
Астана: 19 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
15 қаңтар 17:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Альпіде 5000 жылдан астам уақыт жатқан «мұз адам» - жойылып кеткен популяция өкілі


Альпіде мумиясы 5000 жыл сақталған «мұз адам» жойылып кеткен популяция өкілі болып шықты, оның денесі Тиролде 1991 жылы табылып, Отци деген ат қойылды. Бастапқыда оны қаза тапқан альпинист деп қабылдаған, кейіннен ғалымдар оның 5000 жыл бұрын өмір сүргенін анықтады. Денесі мұз болып қатқандықтан дене жақсы сақталып, оған осы уақытқа дейін ешкімнің қолы тимеген, деп жазады Росбалт.
Оның кене боррелиозымен сырқаттанғаны, әке жағынан жақын туыстары - Тиррен теңізінің жағалауы мен Сардиния тұрғындары екені белгілі болды. Бұдан басқа мұз адам инфарктқа бейім болған және сүт іше алмаған, себебі онда сүт қантын көтере алмайтын ген анықталды.
Отци мен оның анасы жағынан туыстары Тироль Альпісінің байырғы тұрғындары. Бұл шағын, тұйықталған популяция таудан алыстамай, Орталық Еуропаның басқа тұрғындарымен аралас-құраластығы болмаған. Біздің уақытқа дейін сақталса да, оның артынан ұрпақ қалмаған.


Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    1716
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии