13 Декабрь
01:58
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
13 қазан 16:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алаңғасар ұры оңай олжасының жартысын көшеге шашып алды


Көкшетауда ер адам дүкенге түсіп, ақша салынған қорапты қолды етіп кеткен. Алайда қашамын деп ол ақшасының жартысын далаға шашып алды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

«Көкшетау ІІБ кезекші бөліміне орталық базардағы дүкендердің бірінің сатушысы хабарласып, бейтаныс біреу 350 мың теңгесін ұрлап кеткені туралы шағым түсірді. Азамат сатушының сәл уақытқа шығып кеткен сәтін пайдаланып, ақша салынған қорапты ала сала сыртқа атып шыққан. Алайда жолшыбай ол ұрлаған ақшасының жартысын шашып алды», - деді полиция қызметкерлері.

Осындай оқыс оқиғаның куәсі болған дүкендегі өзге сатып алушылар аң-таң күйде не болғанын дұрыс түсінбей де қалған. Ал ұры әп-сәтте табанын жалтыратып үлгерген. Бірақ қылмыстық полиция қызметкерлері алаңғасар ұрыны көп ұзамай қолға түсірді.

Тәртіп сақшылары куәгерлердің берген түсініктемесі мен сыртқы бейне бақылау камерасының көмегімен бұған дейін істі болған 38 жастағы жігітті ұстады.

Қолға түскен ұрының үстінен ҚР ҚК 188-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.



Дереккөзі: Kazpravda.kz
 
нравится:    1123
Теги: Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии