|    |  
15 желтоқсан 2019
20:28
қаз
Алаяқ кедейдің кейпіне еніп, бай азаматтан қыруар қаржы алған
30 сәуір 2019, 12:40 163
Ұлыбританияның Лестер қаласында полиция кедейдің кейпіне еніп, алаяқтықпен айналысқан әйелге 18 мың фунт стерлинг айыппұл салды.


 
32 жастағы Сьюзан Гири 60 жастағы ер адаммен дүкен маңында танысқан. Әйел оған өзінің мұңды тарихын айтып, қайыр сұраған. Содан ер адам оны аяп күн сайын ақша беруді әдетке айналдырған. Бір айдан кейін ол қомақты қаражатты қарызға берген.
 
Ол әйелдің бір бөлмелі пәтері бар екенін білмеген. Әйел оған түнде психиатриялық ауруханаға түнейтінін айтқан. Ол оған өз үйінің бір бөлмесінде тұруға рұқсат берген. Ер адам берген барлық ақшаны Гири есірткіге және өзінің жігітіне жұмсаған. Уақыт өте келе ер адам күмәндана бастаған.
 
2018 жылдың ақпанында Гири тағы да қарыз сұрап келген. Сол кезде ер адам оған ақша беруден бас тартқан. Сол кезде Гири оның терезесін сындырмақ болған. Ер адам оны тыныштандыру үшін банкоматтан 50 фунт стерлинг шешкен. Ол кетісімен полицияға арыз жазған. Сот Гириды алты айға қоғамдық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарған. Сондай-ақ оған кешкі жетіден таңғы жетіге дейін үйінен шығуға тыйым салынған.

Дереккөз: Lenta


Жаңалықтар