19 Октябрь
06:07
Астана: 6 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
5 тамыз 15:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алаяқтар қазақстандықтардың ақшасын Skype арқылы ұрлауда

 
Казкоммерцбанк азаматтардың жеке құпия деректерін ұрлап, банк карталарынан ақша жымқыратын алаяқтардың шыққаны туралы ескерту жасады. Алаяқтар клиенттерге  Skype арқылы банктің атынан хабарласқан.
Осылай алданып қалған бірнеше азаматтан шағым түскен. «Алаяқтар клиентке өздерін банктің қолдау көрсету қызметінің өкілдеріміз деп таныстырып, клиенттің ғаламтор-банкинг жүйесінің логині мен құпия сөзін, кілт сөзін, төлем картасының 16 таңбалы нөмірін, аты-жөні мен картаның қолданылу мерзімін сұрап алады»-дейді қаржы мекемісінің өкілдері. Алаяқтар клиенттің картасынан қаражатты өзге төлем карталарына аударып алады. Банк өкілдерінің айтуынша мұндай жолмен ұрланған ақшаны қайтаруға көп жағдайда мүмкіндік болмайды екен. Қазір алаяқтарды анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған.
 
Дереккөз: lsm.kz
нравится:    812
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии