26 Сентябрь
20:40
Астана: 3 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Әлем жаңалықтары
20 сәуір 17:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алаяқтықтың халық арасында кең тараған 10 түрі


Теледидардан алаяқтарға жем болған кезекті құрбандарды көрген сәтімізде, бойымызды “ басқа-басқа, бұл арамзалар мені құрығына түсіре алмайды“ дегенге ұқсас мақтаныш сезімі билейтіні анық. Қуануға ерте, себебі, кәсіби алаяқтар өздерін ақылды және сақ санайтын талай жанды алдауына түсіріп, сорлатып кететінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Әдетте, алаяқтар болашақ құрбандарының әлсіз жерлерін өзіне қарсы қолдану үшін, адам психологиясын түбегейлі зерттейді. Бұл, өз кезегінде, олардың кәсіптерін жақсы игергендігін аңғартады.Егер, сіз алаяқтар құрған торға түсіп қалмауды көздесеңіз, қалтаны қағатын ең танымал әдістермен таныс болыңыз.

1. Қолдан шығып кеткен қауын



Кез-келген парасатты адам — бөтен біреудің қымбат тұратын затын  бүлдіріп алса, шығынның орнын жабуға тырысады. Өкінішке орай, көп жағдайда бұл жақсы қасиетті алаяқтар өз кәдесіне жаратып отыр.Мысалы, көшеде немесе дүкенде “кездейсоқ“ соқтығысып қалу арқылы.

Алдаудың бұл түрі Жапонияда бастау алған. Күншығыс еліндегі жеміс-жидектің, атап айтқанда, қауынның қатты қымбатшылыққа ұшыраған дәуірiнде, аталмыш алаяқтық кең етек жайды. Қолына қауын ұстаған алаяқтар туристермен әдейі соқтығысу ұйымдастырып, қолындағы қауындарын түсіріп алған және орнына өтемақы талап етеді. Әдетте, саяхатшылар жанжалды өршітпеу үшін, тез төлеп құтылуға асыққан.

Әрине, бұл әдісті алаяқтар қазіргі кезде де қолдануда, тек қауынның орнына тұрмыстық техниканы(істен шыққан, жөндеуге келмейтін) немесе алдын-ала сынған қораптағы “қымбат ваза ыдыстарын“ пайдаланады. Ал, ең әккі алаяқтар бүлінген заттың қымбаттылығын дәлелдейтін жалған чектермен қаруланған.

2. Тағдырдың тосын сыйы



Осы кезге дейін, сіз алаяқтықтың бұл түрімен ұшырасқан болуыңыз мүмкін, егер, жоқ болса, қиялыңызды іске қосыңыз: Сізге көшеде мүлде таныс емес бөтен адам кездесті. Оның айтуынша, жерден үлкен көлемде ақша салынған әмиян тапқан көрінеді, енді, не істерін білмей тұр екен. Оқиғаны талқылау барысында, сіз немесе ол ақшаны теңдей бөліп алу идеясын ұсынады. Алаяқ өз танысына қоңырау шалып, не істеу керектігін сұрайды. Танысы, өз кезегінде, ақшаны егесі табылғанға дейін сізде сақтауға кеңес береді. Одан кейін, залымдар кепілдік ретінде сізден аз ақша сұрайды. Ойда жоқта мол табысқа кенелген сіз дереу қалтаңыздан ақша шығарып бересіз, себебі, әмиянның ішінде көп ақша жатқанын байқадыңыз. Оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін болжау қиын емес — оңашада әмиянды ақтарғанда, қарапайым принтерде басылып шыққан жалған ақшаларға кез боласыз.

Бұл қулықтың көптеген түрі кездеседі, қалай болғанда да, алаяқтар “аса үлкен сомада ақша“ немесе “құнды затты“ тек кепіл арқылы тастайды. Абай болыңыз — егер бейтаныс адам сізге “аз кепілге“ үлкен сомада ақша беруге келіссе, ол — таза ақымақ немесе әйгілі сиқыршы Копперфильдтің шәкірті.

3. Жүзік



“Тағдырдың тосын сыйы“ секілді, алаяқтықтың бұл түрі — сараң немесе шектен тыс жомарт адамдарға арналған. Көбінесе, алаяқтардың әрекет ету жоспары мынадай: Көшеде көңілсіз, қайғыланып тұрған жас сұлу қызды жолықтырып қаласыз. Ол сізге осы маңда неке жүзігін жоғалтып алғандығын айтып, мұңын шағады. Егер, кімде-кім соны тауып берсе, үлкен көлемде сыйақы беретінін жариялап, ағынан жарылады. Кетерде, жүзікті тапқан жағдайда, қызбен байланысатын телефон нөмірін қалдыруы мүмкін.  Аз уақыт өткен соң, сіз кездейсоқ тағы басқа біреуді кезіктіресіз. Ол сізге қымбат тұратын жүзік тауып алғанын айтып, мақтанады.

Жүзіктің қызға тиесілі екені ақымаққа да түсінікті. Сіз жүзікті қызға кері қайтару үшін, сатып алуға шешім қабылдайсыз. Немесе өзіңізде қалдырып, қымбат бағаға өткізуді ойлайсыз(бұл сараңдар үшін). “Асыл бұйым“ үшін біраз шығындалған соң, жүзікті зергерге апаруды ұйғарасыз, ал, ол сізге бұл заттың темірден де арзан тұратынын баяндайды.
Мұндай жағдайға түсіп қалуды қаламасаңыз, бейтаныс жандардан аулақ жүріңіз. Сұлулық пен тартымдылықтың алдамшы екені айдан анық. Және кездейсоқ адамдардан асыл бұйым мен құнды боп көрінетін заттар ешқашан сатып алмауға кеңес береміз.

4. Лотереядан ұтыс




Бұл айла-амалдың түрі өте көп, дегенмен, жұмыс істеу принципі әрдайым өзгеріссіз. “Лотереядан аса ірі көлемде ұтысқа“ ие болған жалдамалы алаяқ болашақ құрбанды бақыт билетін сатып алуға үгіттейді. Кейде лотерея жеңімпазы өзінің банкке қарыз екенін, ұтыстың кәмпескеленуі мүмкін екенін алға тартады. Басқа жағдайда, тұрғылықты мекен — жайы жоғын немесе төлқұжатын жоғалтқанын мәлімдеуі мүмкін. Осылайша, аузы ашық аңқауды аз ақшаға билет сатып алуға итермелейді. “Заңды ұтысын“ алуға келген бейшараны не күтіп тұрғанын айтпай түсінген боларсыз?

5. Испандық тұтқын



“Испандық тұтқын“ — алаяқтықтың ең көне  түрі болып саналады(бұл жайлы 16 ғасыр кітаптарында баяндалады), алайда,  бұған қарамастан, сенгіш жандар — бұл тұзаққа әліге дейін түсіп қалуда. Алдап-арбау былай өрбиді: Алаяқ өзінің қомақты қаражаты бар жоғары дәрежелі тұлға екенін айтып, ант-су ішеді(Өзге елден келген болуы да мүмкін). Бірақ, ақшаны у-шусыз алып шығуға көмектесетін серіктес керек боп тұр екен. Ол үшін, оған белгілі дәрежеде материалдық көмек қажет. Сыйақы ретінде, нигериялық принц немесе араб шейхі көп ақша қайтаратынын айтудан танбайды. “Капиталды“ құтқару осымен бітпейді, жаңа танысыңыз жаңа қиындықтар шыққанын айтып, ақшаңыз таусылғанға дейін бұл әрекет жалғаса береді.

Қазіргі таңда , бұл әдісті қолданатын әккі қулардың әрекеті — заман талабына сай өзгерген. Мысалы, өзін шетелдік елші немесе бизнесменнің көмекшісі ретінде таныстырған алаяқ белгісіз қоймада жатқан өте құнды бір затты алуға ақшасы жетпей тұрғандығын айтып, сізге мұңын шағады.Сонымен қатар, ол сізге тиімді келісім-шартқа отыруды ұсынуы мүмкін, шырттай киінген қу залымның бұл тілегіне қалай көнгеніңізді өзіңіз де байқамай қаласыз. Әрине, бір іске салған ақшаңыз 10 есе өсіммен қайтса, несі айып?-сынды ойлар еріксіз туыңдайды. Кейіннен, бітпейтін мәселелер туындай береді. Тауарды қоймадан шығару үшін, шенеунікке пара беру керек екен. Еске салайық, нағыз кәсіпкер мұндай ұсақ-түйекпен айналыспайды.

6. Сізге тексеруші бара жатыр



Сіздің өз банктік шотыңыз жайлы кез-келген адамға айта бермейініңіз айдан анық, бірақ, алаяқтар алдап-арбау арқылы, шотыңыздағы ақшаны иеленудің жолын табады.

Көбінесе, алаяқтар бұл айланы банкте жұмыс атқаратын сыбайласы арқылы жүзеге асырады. Мысалы, сіздің шотыңыз “реквизитті тексеру “ үшін немесе осы тектес себептерге байланысты(назар аударыңыз, дәлелдер сенімді болып көрінеді), уақытша жабылғанын хабарлайды. Сіз мәселенің мән-жайын анықтап жатқан кезде, алаяқтар бар қаржыны өз шоттарына аударып, заңсыз операцияның ізін жояды. Тақырға отырғызып кетудің бұл схемасы әртүрлі жолмен іске асуы мүмкін. Әрдайым есте сақтаңыз, егер, банк қызметкері сізге қоңырау шалу барысында, күдікті көрінсе, дереу бастығымен байланыстыруды талап етіңіз.

7. Артық төлеу



Банктік жүйенің кемшілігі мен заңдағы олқылықтар — алаяқтар үшін таптырмас дүние. Фиктивтік шот ашу мен жалған чек жасап шығару әдісін қолдану кең етек жайды. Оның арасында ең танымал әдіс — тауарды сатып алу кезінде, тауар құнынан артық чек жазып беру айласы. Сатушы артық төленген ақша жайлы клиентке айтқанда, ол салқынқандалықпен артық ақшаны басқа шотқа аудару немесе көрсетілген мекен-жайға қолма-қол жіберуді өтінеді. Чекті ақшаға айырбастауға барған сатушы — бұл шоттың жабық екендігін немесе ешқашан болмағандығын біліп, сан соғып қалады.

Сіздер Леонардо ди Каприоның орындауындағы “Қолыңнан келсе, мені ұстап ал“ фильмін көрген боларсыздар. Аталмыш фильм шын өмірде орын алған оқиғаға негізделіп, түсірілген. Франк Абигнейл танымал америкалық алаяқ — 1960 жылдары жалған чек арқылы 2,5 млн доллар заңсыз иеленген. Актерлік шеберлігі оны әртүрлі қиын-қыстау сәттерден алып шығуға септігін тигізген. Кейіннен ұсталып, абақтыға тоғытылды. Түрмеден шыққан соң, үкіметтің экономикалық қауіпсіздік бойынша консультанті болып қызмет атқарды.

8. Сантехник шақырдыңыз ба?



Алаяқтар мемлекеттік ұйымдар мен коммунальдік мекемелердің қызметкерлері болып, есігіңізді жиі қағады. Осы арқылы үйге кіріп, сіз басқа бөлмеге кеткен кезде, тұрмыстық техника мен құнды заттарды қолды қылуы мүмкін. Бұл жағдайда, өз қауіпсіздігіңіз үшін, құжат талап етудің еш айыбы жоқ.
Немесе,  тиісті ұйымдарға қоңырау шалып, мәселенің ақ-қарасын айыруға мүмкіндігіңіз бар.

9. Сіздің бағыңыз бар екен



Баршаға жақсы мәлім, қазіргі уақытта көшеде түрлі зат сатып жүретіндер құмырсқадай қаптауда. Мұнда әртүрлі ұлттың өкілдерін кездестіруге болады. Алайда, алаяқтар ішінде Қазақстанға шеттен келетін Шығыс Еуропа тұрғындары жиі көзге түсуде. Атап айтқанда, румын, молдова және т.б елдері өкілдері алаяқтыққа жиі барады. Көпшіліктң басынан мынадай оқиға өткеніне сенімім мол: Үйге қымбат ыдыс-аяқ пен әртүрлі ас үй құрал-жабдықтарын көтере кіретін олар — ақшасының таусылып, еліне қайта алмай жүргендігін сізге баяндайды. Сенімге кіру үшін, төлқұжаттарын көрсететіндер де кездеседі. Оылайша, қымбат маркалы брендтердің заттарын амалсыздан арзан бағаға тастап кететінін мәлімдейді.

Кеңес береміз: Сырттай бейкүнә боп көрінетін көздерге ешқашан сенбеңіз. Бұл — кезекті алаяқтар тобы. Қытайдың арзан заттарын сатып алып, сізге қымбат бағаға өткізіп кетпекші. Жақында Алматыда ұсталған алаяқтар — осының айқын дәлелі. Барахолкадан арзан ыдыстар алып, оны қымбат брендтерге балап, қарапайым халыққа өте қымбат бағада сатып кетіп отырған. Тіпті, сөздері сенімді шығу үшін, жалға алынған қымбат көліктерді тізгіндеп жүріпті.Қорытынды: Көшеден кез-келген зат ала бермеңіз.

10. Оқиғаны осы жерде шешейік



Көлік жүргізушісі үшін, жаяу жүргіншіні қағып кетуден ауыр нәрсе жоқ шығар: өтемақыдан бөлек, сот отырысын төлеуге біраз қаржы шығындау мен көп уақыт жоғалтуға тура келеді. Ең жаманы, түрмеге түсіп қалу қаупі бар. Осындай оқиғалардан ұзақ жүру үшін, көлік егелері мәселені дереу орнында шешіп кетуге тырысады, ал, бұл өз кезегінде, алаяқтар үшін байып қалуға керемет сылтау. Көлік алдына әдейі секіріп шығып, жүргізушіден ақша талап етеді. Мойындау керек, алаяқтықтың бұл түрімен айналысу үшін, батыл жүрек керек. Көлікпен жанасу арқылы, алаяқтың өміріне қауіпті жарақаттар алып қалуы әбден мүмкін.

Соңғы кездері, алаяқтар өздері үшін қауіпсіз мынадай айла-тәсілге көшті. Оқиға былай өрбиді: жол-көлік оқиғасы орын алғаннан соң, “жапа шегуші“ өзіне ешнәрсе болмағанын айтып, тек қолындағы қымбат гаджет немесе ноутбуктың бүлінгенін жариялайды. Жүргізуші жаяу жүргіншінің дін-аман екендігін көріп, қуанғаннан жаңа гаджеттің құнын өтеп беруге асығады. Көлік иесі өтемақы төлеуге асықпаса, міндетті түрде, куәгерлер арасынан соттың қалтаға бұдан да қымбатқа түсетінін ескертетін ақылгөй біреу табылады. Бұл жерде “жапа шегуші“ мен “куәгердің“ аузының бір екенін аңғару қиын емес.

Егер, сіз жаяу жүргіншіні қағып кетсеңіз, дереу жедел жәрдем мен полиция шақырыңыз. Осы арада оқиғаны көзбен көрген куәгерлерді табуға тырысыңыз. Осы арқылы, алаяқтың арам пиғылын әшкерелей аласыз. Сондай-ақ, мүмкіндік болса, видеорегистратор орнатып алсаңыз, еш артықтық етпейді.

Дереккөз:bilim-all.kz
нравится:    819
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии