22 Ноябрь
20:32
Астана: -6 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Экономика
6 сәуір 15:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алдағы уақытта банктердегі ипотекалық бағдарламалар жабылуы мүмкін


Алдағы уақытта банктердегі ипотекалық бағдарламалар жабылуы мүмкін. Бұл туралы Kapital.kz-ке берген сұхбатында Халық банктың басқарма төрағасының орынбасары Марат Әлменов мәлімдеді. 

«Коммерциялық банктерге ипотекалық несие беру тиімсіз. Пәтерге ие болу үшін 20-30 жылға несие алып, ай сайын ірі көлемде төлеп отыру қазақстандықтар үшін де қиын. Жыл сайынғы 20 пайыз өте қымбат»,-деп түсіндірді банкир.

Оның атап өтуінше, банктың несие беруіне әсер ететін екі фактор бар: борышкердің төлем қабілеттілігі және қарызға кепілдеме беру. Әзірге қазақстандықтардың төлем қабілеттілігі төмендеп жатыр және банк әрқашан проблемалы несие үшін кепілге қойылған мүлікті ала алмайды.

«Қазақстан халқының төлем қабілеттілігі төмендеді. Қазақстандықтардың жалақысы азайды, дағдарысқа байланысты жұмыс уақыты да қысқарды. Теңге девальвациясына пропорционал болатын жалақы көлемі өскен жоқ»,-деді Марат Әлменов.

Дегенмен ол Қазақстанда қарыз алушылардың құқығы жақсы қорғалғандығын атап өтті. Егер қарыз алушының кепілдікке қойылған жылжымайтын мүлігінен басқа тұрғын үйі болмаса, оны сату мүмкін емес. Бірақ борышкердің жағдайы нашарлаған жағдайда банк кепілдікті иемденуі қажет. «Біз тұрғын үйді тек сот арқылы ғана сата аламыз. Сот жүріп жатқанда, пайыздар мен айыппұлдың есептелуін тоқтатып қоямыз. Тағы атап өтемін, реттеуіш заңды түрде банктерге айыппұл мен пайыздарды есептеуге шектеу қойған. Бұл жағдайда, әрине, банк зиян шегеді. Несиеге кепілдікке берілген жалғыз тұрғын үйді сату мүмкін болмаса, банк осыдан кейін қалай ипотека береді?»,- дейді Марат Әлменов.

Сондай-ақ банкир тұрғын үй бағасының тұрақсыздығы да ипотеканың тоқтауына себеп болуы мүмкін дегенді айтады. «Аймақтардағы үйдің бағасы әртүрлі. Соңғы уақытта баға төмендеп жатыр. Яғни банк қарыз алушыдан тұрғын үйді алып қойғанымен де негізгі қарыз бойынша шығындарды жаба алмайды»,-деп атап өтеді Марат Әлменов.

Банкирдің сөзінше, Халық банктегі пәтерлері мен жерлері бола тұра өз кредиттерін өтемеген борышкерлер үлесі 20-30%-ды құрайды. «Бізде клиенттердің 3 категориясы бар. Алғашқыларының шын мәнінде бір ғана баспанасы бар, олардың көпшілігі әлеуметтік жағынан төмен, жұмыссыздар және көпбалалылар тобына жатады. Кредиттерін өтегісі келеді, бірақ мүмкіндіктері жоқ. Мемлекеттік қайта қаржыландыру бағдарламасы соларға арналған. Екінші категория — өзінің бірнеше жылжымайтын мүлігі бола тұра, қарыздарын өшіруді талап етеді. Үшінші категория тіпті банк клиенттері қатарына жатпайды, олар тек митингке келеді»,-деп атап өтті Марат Әлменов.

Дереккөзі: 7kun.kz

 
нравится:    891
Теги: Главная, Жылжымайтын мүлік,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Казак кызы2016-04-12 09:16:01
    Ипотеканы жойса халык кангып калмайма? Баска кандай жолы бар уйли болудын.жастар кайтеди. Оздеринде кос костан уйлер бар.Халык карызга алмаса калай алады? К