Әлем жаңалықтары
12 мамыр 12:42
Александрия шамшырағы қапына келтіріледі
Әлемнің жеті кереметінің бірі – 700 жыл бұрын жер сілкінісінен қираған Александрия шамшырағын Мысыр билігі қалпына келтіретін болды деп жазады Дилетант журналы.
 

Құрылыс жобасы мақұлданған шамшырақ бұрын орналасқан жеріне жақын жерде Фарос аралына салынады.
Құрылыс салушылар оны мәтіндік сипаттамасына негіздеп салмақ, себебі оның бірде-бір суреті бізге дейін жеткен жоқ.
Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады.  Ол біздің дәуіріміздің 956, 1303 және 1323  жолдарында орын алған жер сілкісінен қатты зардап шеккен.
Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған.
 

Комментарии




Яндекс.Метрика