18 Декабрь
03:34
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
22 қыркүйек 14:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алексис Ципрас Грекия премьері ретінде ант берді
Кеше, 21 қыркүйек күні солшыл радикал күштер коалициясы (СИРИЗА) лидері Алексис Ципрас Грекияның премьер-министрі ретінде ант қабылдады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.


Салтанат мемлекет басшысы Прокопис Павлопулостың қатысуымен президент сарайында болып өтті.

Биылғы жылғы қаңтар айында өткен парламент сайлауындағыдай, СИРИЗА тағы да жеңіске жетті. Сол жолы бұл партия тарихта бірінші рет жеңіске жеткен болатын.

Ципрас Грекия президентінің қарсы алдында тұрып, Грекияның Конституциясы мен заңдарын сақтауға, сондай-ақ грек халқының мүддесіне қызмет етуге ант берді.

Шіркеуі мемлекеттен бөлінбеген православиелік Грекияның салтына сай, премьер-министр мен үкімет мүшелері Афина архиепископы алдында да ант қабылдайды.

Жексенбі күні өткен сайлауда СИРИЗА айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті. Ол 35,46 пайыз дауыс алып, екінші қайтара үкімет басына келді.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    790
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии