26 Сентябрь
15:19
Астана: 7 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Әлем жаңалықтары
25 тамыз 10:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлем аруы атанған супермодель ислам дінін қабылдады (фото)

Әлем аруы атанған Чехияның Сұлулық ханшайымы, әлемге әйгілі супермодель Маркета Коринкова ислам дінін қабылдады.

Ару қыз енді өзінің атын Мәриям деп өзгертіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне қоныс аудармақшы. «Әл-Кудс әл-Араби» журналының хабарлауынша, Маркета Коринкова соңғы үш жылдан бері ақиқат дінін қабылдауды ойлап жүрген.

Оған мұсылман дінін қабылдауға исламдағы әйел затына деген құрмет пен артықшылықтар әсер еткен екен.

Чех аруы әлемге дизайнер және киноактриса ретінде де танымал. Ол Голливудта шыққан бірнеше фильмде басты рольде ойнаған. Сонымен бірге, FAMU киноакадемиясының Прагадағы бөлімшесінің директоры қызметін атқарып, жарнама компаниясының жұмысын басқарған. Лондонда киім тігу өндірісімен айналысқан.

Прагадағы Карл университетін бітіргеннен кейін ағылшын әдебиеті бойынша магистр дипломын алған. Содан кейін Лондондағы Корольдік өнер колледжінде оқып, кино және телевидение бойынша магистр атағын иеленген. Британияның ВВС телекомпаниясында да қызмет етіп көрген.

нравится:    819
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии