22 Август
01:37
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Спорт
15 қыркүйек 14:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлем чемпионы Елдос Сметовке 15 миллион теңге сыйақы табысталды

Бүгін  Алматы қаласындағы «Intercontinental» қонақүйінде дзюдодан Астанада өткен әлем чемпионатында үздік өнер көрсеткен отандастарымызды марапаттау іс-шарасы өтті. Жиынға ҚР дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев, ұлттық құрама бапкері Ермек Имамбеков қатысты.
Қазақстан ұлттық құрамасы Астанадағы әлемдік додада 1 алтын 1 күміс еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орын алды. Рио Олимпиадасына лицензиялық ұпай таратқан жарыстың дзюдошылар үшін маңызы жоғары болды. Ел сенім артқан Елдос Сметов жеңіс тұғырынан көрінсе, Рүстем Ибраев күміс медальды қанағат тұтты. Бүгін жеңімпаз тұғырынан көрінген спортшыларға құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйлықтар табысталды.
ҚР дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев чемпион атанған Елдос Сметовке 15 миллион теңгенің сертификатын табыстаса, Рүстемге 10 миллион теңге сертификатын берді. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған Айболат Ыстыбайға 1 миллион теңге сертификатын тарту етті. Спортшылардың бапкерлері де сыйақыдан құр алақан қалған жоқ.
Өз кезегінде Кеңес Рақышев пен бапкер Ермек Имамбеков дзюдошылардың өнерін жоғары бағалады. Астана ірі доданы жоғарғы деңгейде өткізгенін тілге тиек етті. Ал Елдос Сметов болса биылғы жетістіктерін Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында қайталауға барын салатындықтарын айтты.
— Біз осындай ірі жетістікке жеткенімізге қуаныштымыз. Жанкүйерлер, бапкерлер мен ҚР дзюдо федерациясына алғысымызды білдіреміз. Келер жылы өтетін Олимпиадада осы жетістігімізді қайталап, жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімдемін, — деді.
Айта кетейік, Астанадағы әлем чемпионаты 24-30 қыркүйек аралығында өткен болатын. Төрткүл дүние көз тіккен додаға әлемнің 120 елінен 700-ден астам спортшы қатысты.
 

Дереккөзі: massaget.kz
нравится:    1005
Теги: Біздің мақтанышымыз,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии