21 Август
18:04
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
23 маусым 09:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлем елдері Қытайдағы ит етін жеу фестиваліне қарсылық білдірді
Әлем елдері Қытайда жыл сайын өтетін ит етін жеу фестиваліне қарсылық танытып, наразылық білдіруде. Атышулы мерекелік шара бүгін Юлин қаласында өтіп жатыр. Әр түрлі ұйым өкілдері жануарларды жаппай өлтіруге итермелейтін бұл даулы дәстүрге тыйым салуды талап етіп отыр. Юлинде жыл сайын өтетін фестивальде мыңдаған иттің басы шабылады.


Соңғы жылдары бұл шара Қытайдағы жануарлар құқығын қорғау ұйымдарының наразылығын тудырып, Юлин қаласы иттерге дос және ас ретінде қарайтындар арасындағы талас-тартысқа себеп болуда. Лян Сяоли, Ит фестивалін жақтаушы: - Бұл – дәстүріміздің бірі. Олар бізді сынап жатыр. Бізде адамгершілік, аяушылық жоқ дейді. Онда доңыз бен күркетауықты жеу де жабайылыққа жатады. Олар мұны неге жасайды? Мэгги Чен, жануарлар құқығын қорғаушы белсенді: - Мұндағы мысық пен иттер ұрланған. Енді оларды жаппай өлтіреді.
Бұл – қылмыс! Янг Сяоюн сияқты белсенділер Юлиндегі иттерді құтқарудың төте жолын тапқан. Ол былтыр жергілікті газетке салпаңқұлақтарды сатып аламын деп хабарландыру берген. Осылайша Янг 350 иттің өмірін сақтап қалды. Бірақ осы мақсатын орындау үшін ол 24 мың долларынан қағылған. Янг биыл да базарға қайта келді. Бұл жолы оның қалтасы қалың. Бірақ белсенді ит етін жақсы көретіндер ішке жібермей, ол бос қайтты.
Янг Сяоюн, иттерді қорғаушы: - Көптеген адам маған итін сатуға дайын, себебі мен оларға жақсы ақша төлеймін. Бұл – олар үшін сирек мүмкіндік. Иттерін өздері әкелетін адамдар баршылық. Биыл Янг құтқарылған иттерге арналған үй ашуды жоспарлап отыр. 

Дереккөзі: 24kz
нравится:    716
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии