11 Декабрь
23:20
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
19 маусым 09:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлем елдерінде ораза тұту уақытының ұзақтығы қанша?
Әлем елдерінде ораза тұту уақытының ұзақтығы қанша?
 

Қасиетті Рамазан айының келуіне орай көпшіліктің әлемнің әр бұрышындағы елдердегі ауыз бекіту ұзақтығы қанша уақытқа созылатынын білгісі келетіні анық. 
Осы орайда ИсламНьюс әлем елдеріндегі ораза ұзақтығын анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізді, деп хабарланған Нұр Астана мешітінің сайтында.
Күннің ең ұзақ уақыты Дания елінде тіркеліп отыр. Онда оразаның орташа уақыты 21 сағатты құрайды. Исландия, Норвегия және Швеция елдерінде оразаның орташа ұзақтығы - 20 сағат, Ұлыбритания мұсылмандары 19 сағат ауыз бекітеді. Ал Германияда ол 18 сағаттан сәл жоғары.
Ал оразаның қысқа уақыты Оңтүстік Америка елдеріне тиесілі, ол 12 сағатты құрайды. Австралия, Бразилия мен Чилиде сәйкесінше 12,5, 13 және 12 сағаттан. Вашингтон мұсылмандары 17 сағат ауыз бекітсе, Канада тұрғындары 18 сағатты оразамен өткізеді.
Сауд Арабиясындағы ораза ұзақтығы 16 сағаттан сәл асады. Біріккен Араб Әмірлігінде шамамен 15,5 сағат болса, Кувейтте - 16 сағат. Мысыр, Тунис пен Алжир елдерінде оразаның орташа уақыты 16,5-17,5 сағат. Қытай елі де осы шамалас.
Ал көршілес Ресей елінің мұсылман жұртшылығы шамамен 20 сағат 49 минут ораза тұтады.

ҚазАқпарат
нравится:    1020
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии