Туризм
16 мамыр 09:37
Әлем елдерінде туристердің суретке түсіруіне тыйым салынған дүниелер
Туристер кез келген сапарында көзін түскеннің бәрін суретке түсіруге құмар. Бірақ әлем елдерінде туристердің суретке түсіруіне тыйым салынған дүниелер бар.



Көш басында Солтүстік Корея тұр. Бұл елде кедейлерді, арық адамдарды, ескі-құсқы киім кигендерді, әскери қызметкерлерді түсіруге тыйым салынған.

Екінші орында Америка тұр. Мұнда  автострада мен туннельдерді, көпірлер мен балаларды суретке түсіруге болмайды.
Ал Таяу Шығыста әйелдерді олардың келісімінсіз түсіруге болмайды. Одан кейін байлардың үйін түсіруге рұқсат жоқ.
Жапонияда бейіттер мен құдай мүсіндері тұрған аумақты суретке түсіруге болмайды.

Перуде үндістерді тек олардың келісімімен суретке түсіре аласыз. Үндістанда ғибадатханаларда, Қытайда әскери және үкіметтік мекемелерде суретке түсуге  болмайды.

Дереккөз: content.directadvert.ru
 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика